Оқушы ережелері мен міндеттері » Жамбыл аудандық мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Балғабек Қыдырбекұлы атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 57-2-18
Есепші бөлімі:
+7(72770) 57-2-18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушы ережелері мен міндеттері
25
октябрь
2023

Оқушы ережелері мен міндеттері

Оқушылар ережесі


 
Оқушылардың міндеттері мен құқықтары 
Оқушылардық құқықтары:
  1. Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне, өзіндік пікірлерін білдіруге;
  2. Мектепті басқаруға қатысуға, еңбек мамандығын, оқудың дербес бағдарламалары мен курстарын таңдауға;
  3. Мектептің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім аясын кеңейтуге белсенділік танытуға, сынып жетекшісіне, мұғалімдерге өзінің қиындықтары туралы хабарлап, олардан көмек, түсінік, жауап алуға;
  4. Мектеп жұмысына қатысты пікірлерін ашық білдіруге, мектеп заңдарын, ережелерді, жарғыларды құрастыруға қатысуға; 
  5. Мектептегі және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға, үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға;
  6. Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы мектеп атынан сайыстарға, байқауларға, жарыстарға және т.б. шараларға қатысуға;
  7. Тұрмыс ақуалы төмен жағдайда оқуға және өмір сүруге қажетті материалдық көмек алуға құқығы бар:
Оқушылардың міндеттері:
  1. Әрбір адамның ар мен намысын құрметтей отырып, өзін кез-келген жағдайда  лайықты  ұстау;
  2. Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясынкеңейтуге ынтамаен жұмыс істеу, сабаққа жүйелі түрде дайындалу, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу;
  3. Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру;
  4. Мінез-құлық ережелерін сақтау:
  5. Үлкендерді құрметтеу;
  6. Басқа адамның ар намысын қадірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу;
  7. Мектеп оқушыларына  темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға тыйым салынады;
  8. Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;
  9. Өндірістік және қоғамдық пайдалы еңбекке белсенділікпен қатысу;
  10. Әр оқушы бекітілген мектеп формасының үлгісі бойынша киінуге және  сабаққа қажетті оқу-құралдарын үнемі әкелуге, екінші аяқ киімі мен алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру, техналоғия пәндерінің талап етілген киім үлгілерін, қатаң түрде сақтауға міндетті;
  11. Мектепке және оның ауласына қару, жарылғыш немесе басқа қауіпті заттарды, спирттік ішімдіктерді, есіртке, темекі, газ баллоншаларын қандай мақсатта болмасын алып келуге және қандай жолмен болмасын қолдануға тыйым салынады.
  12. Сабақ және іс-шаралар уақытында педагогтардың рұқсатынсыз мектептен кетіп қалуға болмайды. Себепсіз сабақтан қалуға болмайды. Сабаққа келмеген жағдайда оқушы сынып жетекшісіне қалу себебі жөніндегі дәргер анықтамасын немесе ата-анасының түсініктемесін сынып жетекшіге көрсетіп түсіндіруі керек. Оқу тәрбие үрдісі кезінде оқушы бір жері ауырып, өзін қолайсыз сезінген жағдайда мектептегі медицина қызметкеріне жолығуы керек. Медбике рұқсат етсе, үйіне қайтуына болады.
  13. Мектеп оқушысы өзіне қажеттіоқу құралдарын, дәптерін, күнделігін алып келеді. Мектепке сабақ кестесіне сәйкес пәндер юойынша үй тапсырмаларын орындап келеді;
  14. Мектеп оқушысы үлкендерге сый-құрмет, кішілерге қамқорлық көрсетеді. Мектепке келген кісілермен амандасады.  Мектептен тыс жерде өздерін мектеп атына, өзінің ар-намысына кір келтірмейтіндей ұстайды;
  15. Оқушылар мектеп мұлкін сақтап, оны жөндеуге көмектеседі;
  16. Қыз балалар шаштарын үнемі өріп, беттік бояуларын пайдаланбай, мектеп оқушыларына сай шаш үлгісін сақтауға тиіс;
  17. Ектеп оқушылары мектеп ішінде 2,5-3 с жоғары биік өлшемді аяқ киім киіп, тізеден 5 см жоғары юбка киюге тыйым салынады; 
  18. Мектепке бағалы ұялы телефон алып келуге және сабақ уақытында ұялы телефондарын пайдалануға тыйым салынады.
  19. Қоғамдық іс-шараларға белсен араласып, өзінің саналы түрде болашақ мамандығын таңдауға дайындалуы тиіс;
  20. Оқушы қоғамға кері әсерін тигізетін насихат жұмыстарына араласпауы тиіс;
  21. Мектеп оқушылары кешкі сағат 22:00-ден бастап қоғамдық орындарда заңды өкілдерсіз жүруге тыйым салынады;
  22. Әр мектеп оқушысы мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті;
  23. Осы Ереже талаптарын жүйелі түрде бұзған және оған мойын ұсынудан бас тартқан оқушыларға Мектеп жарғысына сәйкес, Мектеп кеңесінің талқысына салынады , ата-анасы шақырылып тәртіптік шара қолданылады.

Похожие публикации:

19 октябрь 2023 Мерекелік іс шара